«Қазгидромет» гидрологтары Есіл өзені бассейнінде қар түсірілім жұмыстарын бастады

IconЖарияланды 28.01.2026

«Қазгидромет» РМК орталық аппаратының гидрологтары қар жамылғысын мониторингілеу және су шаруашылық жағдайды бағалау аясында Есіл өзені бассейнінде, Астана су қоймасына дейінгі аумақта қар түсірілім жұмыстарын бастады.

Қарөлшеу маршруты Ақмола облысының Аршалы ауданы мен Қарағанды облысының Осакаров ауданы аумақтарында орналасқан 17 бақылау нүктесін қамтиды. Зерттелетін нүктелер Астана су қоймасының салалары — Есіл және Мойылды өзендерін қамтиды.

Қарөлшеу маршруттары жер бедерінің әртүрлі элементтері бойынша, оның ішінде егістік алқаптар мен сай-жыра бедерлері арқылы жүргізілген, бұл қар жамылғысының таралуын және қардағы су қорларын неғұрлым толық әрі объективті бағалауға мүмкіндік береді.

Қар түсірілімдері барысында алынған деректер «Қазгидромет» мамандары тарапынан ағымдағы гидрологиялық жағдайды талдау және көктемгі су тасқынын болжау үшін пайдаланылатын болады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз