Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Қазгидрометке барды

IconЖарияланды 23.01.2026

PYP Exhibition бағдарламасы аясындағы зерттеу жұмыстары шеңберінде Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Қазгидромет» РМК-ға таныстыру экскурсиясымен барды.

Сапар барысында оқушылар Қазгидрометтің тарихымен, ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің негізгі қызмет бағыттарымен танысып, климаттың өзгеру себептері мен ерекшеліктері туралы мағлұмат алды. Климатолог-мамандар климаттың қандай факторларға байланысты өзгеретінін және қазіргі жағдайда оның қалай өзгеріп жатқанын түсіндірді.

Сонымен қатар оқушылар үшін гидрометеорологиялық орталыққа экскурсия ұйымдастырылып, синоптиктердің жұмысы және ауа райы болжамын жасау үдерісімен танысу мүмкіндігі ұсынылды.

Өткізілген экскурсия оқушылардың метеорология және климатология саласындағы білімін тереңдетуге, сондай-ақ зерттеу жобаларын аяқтау үшін практикалық тәжірибе алуға мүмкіндік берді.


Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз