Қауіпті жағдай сақталуда

IconЖарияланды 20.01.2026

Ауа температурасының төмен болуына байланысты Есентай өзенінде (Кіші Алматы өзені бассейні) мұз түзілімдері аномальды мөлшерде қарқынды өсу салдарынан 2026 жылғы 18 қаңтарда салыстырмалы түрде шағын су-мұзды сел қалыптасты. Есентай өзенінің арнасында мұз түзілімдердің едәуір бөлігі сақталып және су массасының айтарлықтай жиналуы байқалуына байланысты су-мұзды селдің қайта қалыптасу қаупі сақталуда.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз