Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
2020 жылғы 29 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында түтіннің пайда болуы туралы әлеуметтік желілердегі хабарламаларға байланысты, 2020 жылғы 28-29 тамыз аралығында елорданың атмосфералық ауасында «Қазгидромет» РМК бақылау бекеттерінің деректері бойынша шекті рұқсат етілген нормадан асу байқалғанын хабарлаймыз:
1) № 6 ЛББ (Ақжол к-сі, «Астана Тазалық» сарқынды су тұндырғышының ауданы) сағат 21:20-дан 03:00-ге дейінгі кезеңде өлшенген бөлшектері бойынша РМ-2,5 – 1,7 ШЖШ – ға дейін; сағат 21:20-дан 02:00-ге дейінгі кезеңде өлшенген бөлшектері бойынша РМ-10 – 1,1 ШЖШ-ға дейін;
2) № 7 ЛББ (Түркістан к-сі 2/1) сағат 00:20-03:00 аралығындағы кезеңде күкіртсутегі бойынша – 1,75 ШЖШ-ға дейін; сағат 23:00-ден 02:40-қа дейінгі кезеңде өлшенген бөлшектері бойынша – РМ-2,5 – 2,4 ШЖШ-ға дейін;
3) № 8 ЛББ (Көктал-1, Бабатайұлы к-сі, 24) өлшенген бөлшектері бойынша сағат 00:00-де РМ – 2,5 – 1,1 ШЖШ-ға дейін.
Қалған заттар бойынша асып кету тіркелген жоқ.
Жалпы қала бойынша 10 ШЖШ-дан астам және 50 ШЖШ-дан астам экстремалды жоғары ластану жағдайлары тіркелген жоқ.
Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД хабарлауынша, Целиноград ауданында Тайтөбе ауылынан 5 шақырым жерде қоқыс полигоны жанып жатыр, жану алаңы 250 шаршы метр.
Елордада антициклональды ауа райы байқалады, ауа райы желсіз және жауын-шашынсыз. Биіктікте атмосферада ластаушы заттардың таралуына жол бермейтін инверсия қабаты байқалады.
Нұр-Сұлтан қаласында атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау 10 бекетте жүргізіледі, оның ішінде 4 қолмен сынама алу бекеті және 6 автоматты бекет. 10 көрсеткіш анықталады: 1) Қалқыма бөлшектер (шаң), 2) РМ-2,5 қалқыма бөлшектері, 3) РМ-10 қалқыма бөлшектері, 4) Күкірт диоксиді, 5) Азот диоксиді, 6) Азот оксиді, 7) Көміртегі оксиді, 8) Күкіртсутек, 9) Фторлы сутегі, 10) Сульфаттар.