Ел аумағының басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі

IconЖарияланды 14.01.2026

Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райын Жаңа Жер аудандарынан ығысқан антициклон айқындайды. Ол республика бойынша ауа температурасының төмендеуіне әкеледі. 15 қаңтарда солтүстік және шығыс облыстарда түнгі уақытта ауа температурасы 30–40 градус аязға дейін төмендейді. Оңтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 5–13 градус аязға дейін, ал оңтүстік-шығыс облыстарда 8–17 градус аязға дейін төмендейді, таулы аудандарда 20–25 градус аяз күтіледі.

Қазақстанның оңтүстігінде 15–16 қаңтарда негізінен қар түрінде қатты жауын-шашын, жаяу бұрқасын және көктайғақ құбылыстары болжанады. Елдің оңтүстік-шығысында 16–17 қаңтарда қатты қар, жаяу бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз