Солтүстік-батыс циклонының әсерінен 10 қаңтарда елдің батысында, 11 қаңтарда солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталық өңірлерінде, 12 қаңтарда шығысында түнде қар, төменгі бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), төменгі бұрқасын, көктайғақ болжанады.
11 қаңтарда Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты қар күтіледі.
10–12 қаңтарда елдің оңтүстігінде, 12 қаңтарда оңтүстік-шығысында жаңбыр болжанады.
Сондай-ақ республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі.
11 қаңтарда елдің солтүстігі мен орталығында, 12 қаңтарда шығысында күндіз ауа температурасы –3…+3 °C шамасында болады.