Алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы Жерорта теңізі аймақтарынан келген циклон өтеді. Осыған байланысты республиканың көп бөлігінде қар жауып, боран күтіледі, ал батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болжанады.
3 қаңтарда солтүстік-батыста қатты қар күтіледі,
5 қаңтарда оңтүстік-шығыста күшті жауын-шашын болжанады.
Республика бойынша көктайғақ, тұман, желдің күшеюі күтіледі.
Елдің батысында түнде ауа температурасы 0–8° аязға дейін, күндіз 2° аяздан 5° жылуға дейін көтеріледі.
Орталық өңірлерде температура төмендейді: түнде 10–18° аяз, күндіз 5–12° аяз.
Оңтүстікте түнде 0–10° аяз, күндіз 6° аяздан 2° жылуға дейін.
Оңтүстік-шығыста түнде 0–5° аяз, таулы аймақтарда 8–13° аяз, күндіз 2° аяздан 3° жылуға дейін, таулы өңірлерде 5–10° аяз күтіледі.
Шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы 5–13° аязға дейін жоғарылап, күндіз 5–10° аязға дейін төмендейді.