«Қазгидромет» РМК-ның ресми сайтында Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жаңартылған климаттық сипаттамалар Мемлекеттік климаттық кадастрдың электрондық нұсқасында орналастырылды.
Анықтамалық екі негізгі бөлімнен тұрады:
I бөлім – Ауа температурасы
II бөлім – Атмосфералық жауын-шашын
Климаттық кадастр 1966–2020 жылдар аралығындағы кезеңді қамтиды. «Ауа температурасы» және «Атмосфералық жауын-шашын» бөлімдері үшін метеостанциялар ашылған сәттен бастап 2020 жылға дейінгі бақылау деректері пайдаланылды. Материалдар көпжылдық бақылаулар негізінде дайындалып, елдің әртүрлі өңірлерінің климаттық ерекшеліктерін көрсетеді.
«Ауа температурасы» бөлімінде келесі көрсеткіштер берілген:
• орташа айлық, онкүндік және жылдық мәндер;
• температураның экстремалдық мәндері (ең төменгі және ең жоғары);
• орташа квадраттық ауытқу және апериодтық амплитудалар;
• тәулікаралық өзгергіштік және температураның белгіленген шектерден өту күндері;
• ең төменгі және ең жоғары температурасы бар күндердің орташа саны;
• ең ерте және ең кеш үсіктердің даталары, сондай-ақ үсіксіз кезеңнің ұзақтығы.
«Атмосфералық жауын-шашын» бөлімі келесі мәліметтерді қамтиды:
• жауын-шашынның орташа айлық, маусымдық, онкүндік және жылдық мөлшері;
• тәуліктік жауын-шашынның максималдық және орташа максималдық мөлшері;
• жауын-шашынмен және жауын-шашын іздері байқалған күндердің орташа саны;
• айлар бойынша тәуліктік жауын-шашынның ең жоғары мөлшері.
Кадастрдың картографиялық материалдары Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі климаттық ерекшеліктерді көрнекі түрде бағалауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік климаттық кадастрдың электрондық нұсқасы пайдаланушыларға:
• қажетті деректерді таңдап, сүзгіден өткізуге;
• кестелер мен графиктерді көруге;
• талдау жүргізу үшін материалдарды жүктеп алып, басып шығаруға мүмкіндік береді.
Жарияланған деректер ғылыми, білім беру және практикалық мақсаттарға арналған және Қазақстанның әртүрлі өңірлерінің климаттық ерекшеліктерін тереңірек зерттеуге ықпал етеді.
Порталға сілтеме: meteo.kazhydromet.kz/climate_kadastr_kz