Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 27 желтоқсанда елдің шығысында, 27–29 желтоқсанда батысында, 29 желтоқсанда солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында қар, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстік өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Күшті қар 27 желтоқсанда шығыс пен оңтүстік-шығыста, 28 желтоқсанда елдің батысында күтіледі. Республика бойынша тұман болады деп болжануда.
Солтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтарда температураның көтерілуі күтіледі: түнде -10…-18°C, күндіз -0…-8°C. Шығыста түнде -15…-20°C, күндіз -5…-10°C. Оңтүстік өңірлерде түнде 0…+5°C, таулы аудандарда түнде -5…-10°C, күндіз 5…15°C, таулы аймақтарда -4…-1°C болады деп болжануда.