«Қазгидромет» РМК Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. Глотовтың атынан Алғыс хатпен марапатталды

IconЖарияланды 25.12.2025

25 желтоқсан күні Astana Polytechnic жоғары колледжінде Алғыс хаттарды табыстау салтанатты рәсімі өтті. Іс-шара аясында Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. Глотовтың атынан «Қазгидромет» РМК ұжымына Алғыс хат табысталды.

Марапат Астана қаласының мектеп оқушылары мен колледж студенттері үшін кәсіби бағдар беру экскурсияларын ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы, «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жүзеге асырылған әлеуметтік маңызы бар бастамаларға қосқан үлесі, сондай-ақ елорданың ішкі туризмін дамытуға жәрдемдескені үшін берілді.

Сонымен қатар, салтанатты рәсім барысында Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Х.Әкімжановтың атынан «Қазгидромет» РМК кәсіпорнының қызметкерлеріне атаулы Алғыс хаттар табысталды.

«Қазгидромет» РМК Астана қаласы әкімдігіне ұжым еңбегіне жоғары баға бергені үшін алғыс білдіреді және алдағы уақытта да гидрометеорологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен халықты уақтылы ақпараттандыру бағытындағы жұмысын жалғастыра бермек.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз