Кең циклон

IconЖарияланды 15.12.2025

Ауқымды циклон Қазақстан Республикасының аумағының басым бөлігінде өз ықпалын сақтайды. Осыған байланысты қар жаууы мен бұрқасын жалғасады, ал елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ күтіледі, таулы аймақтарда бұрқасын болады. Республика бойынша желдің екпінді соғуы сақталады: жылдамдығы 15–20 м/с, кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнгі және таңғы сағаттарда тұман болжанады.

Температуралық фон да өзгереді: батыс өңірлерде түнде ауа температурасы 10–18 аяздан 3–13 аязға дейін ауытқиды, күндіз 0–15 аяздан 3 аяз – 5 жылуға дейін көтеріледі. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнгі уақытта температура 7–15 аяздан 12–28 аязға дейін төмендейді, күндіз 5–15 аяздан 8–18 аязға дейін болады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде 3–11 аяздан 5–20 аязға дейін төмендеп, күндіз 5 аяз – 2 жылудан 1–13 аязға дейін өзгеруі күтіледі.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз