Қазақстан бойынша 2025 жылғы 4–6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

IconЖарияланды 03.12.2025

Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының ойысы мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады – жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Елдің солтүстігі, шығысы және орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады. Тек республиканың батысында 4–5 желтоқсанда антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Температуралық фон бойынша айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз