Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады – жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады. Тек батыста, сондай-ақ 2–3 желтоқсанда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклон тарамының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Температуралық тыныста айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.