«Қазгидромет» РМК «2025–2026 жылдарға арналған қыс мезгіліне консультативтік болжам» тақырыбында баспасөз конференциясын өткізді

IconЖарияланды 17.11.2025

Бүгін «Қазгидромет» РМК-де бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы өтіп, онда 2025–2026 жылдардың қыс мезгілі кезеңіне, сондай-ақ 2026 жылдың наурызына арналған консультативтік ауа райы болжамы таныстырылды.

Іс-шараның спикерлері:
* Марина Шмидт – Гидрометорталығының директоры;
* Жұлдыз Исабекова – Ұзақ мерзімді ауа райы болжамдары басқармасының басшысы.

Баспасөз конференциясы барысында мамандар Қазақстан аумағындағы алдағы қыс мезгілінде күтілетін метеорологиялық жағдайларға қатысты алдын ала болжамдарды ұсынды. Консультативтік болжамға сәйкес, алдағы қыс еліміздің басым бөлігінде климаттық норма шегіндегі жауын-шашынмен орташа жылы өтеді. Сонымен қатар, жекелеген кезеңдерде мол жауын-шашын, боран, желдің күшеюі, көктайғақ және тұман сияқты қолайсыз ауа райы құбылыстарының болуы мүмкін екені атап өтілді.

Толық ақпарат пен болжамдардың жаңартулары «Қазгидромет» РМК-ның ресми ресурстарында уақтылы жарияланып отырады. Қазгидромет алдағы уақытта да ауа райы болжамдарын нақтылап, халықты еліміздегі метеорологиялық жағдайдың өзгерістері туралы тұрақты түрде хабардар етуді жалғастырады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз