Халықаралық C5+O.N.E. (Opening Networks through English) бағдарламасының қатысушыларының сапары аясында «Қазгидромет» РМК базасында таныстырылымдық экскурсия өтті.
C5+O.N.E. бағдарламасы, American Councils for International Education (Халықаралық білім беру жөніндегі Американдық кеңестер) ұйымының бастамасымен жүзеге асырылып, оның мақсаты — экономика, энергетика және экология салаларында жұмыс істейтін Орталық Азияның ағылшынша сөйлейтін кәсіби мамандар желісін дамыту, сондай-ақ аймақтық және халықаралық байланыстарды нығайту болып табылады.
Экскурсия барысында қатысушылар Гидрометорталығының қызметімен танысып, мамандар ауа райы болжамдарын жасау үдерістері, климаттық мониторинг жүйесі және гидрометеорология саласында заманауи технологияларды қолдану туралы айтып берді.
Қонақтар сондай-ақ Қазақстан гидрометеорологиялық қызметінің тарихы музейіне барып, «Қазгидрометтің» қалыптасу және даму кезеңдерімен, елдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлімен танысты.
Ерекше қызығушылық тудырған нысандардың бірі — қоршаған ортаны бақылау зертханасы болды. Мұнда атмосфералық ауа мен судың сынамаларын алу және талдау жұмыстары жүргізіледі. Бағдарлама өкілдері зертханалардың жоғары техникалық жабдықталуын және кәсіпорын мамандарының кәсібилігін атап өтті.
Бұл кездесу экология және климаттық зерттеулер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен тәжірибе алмасудың маңызды алаңы болды.