Аяз басылады

IconЖарияланды 05.11.2025

Қазақстан аумағындағы ауа райында нағыз өзгеріс кезеңі басталды – жылы күндер өз орнын қысқы суыққа беріп жатыр. Барикалық құрылымдардың тез алмасуы ауа температурасының айтарлықтай ауытқуына себеп болуда.

Алдағы күндері аяз әкелген суық антициклон ел аумағынан ығысып, оның орнына жылдам қозғалып келе жатқан циклон келмек. Бұл циклон жауын-шашынды сақтағанымен, өзімен бірге жылымық алып келеді – солтүстік және шығыс өңірлерде ауа температурасы түнде 3 градус аяздан күндіз 2 градус жылуға дейін көтеріледі.

Ал оңтүстік өңір тұрғындарын жылы ауа массалары қуантады: олар жауын-шашынның тоқтауына ықпал етеді, әрі 8 қарашада күндізгі уақытта ауа температурасы +10…+15°С дейін көтеріледі деп күтіледі.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз