Елдің батысында жаңбыр күтіледі

IconЖарияланды 27.10.2025

 

Алдағы күндері Атлант циклонының әсерінен Қазақстанның батыс өңірлерінде жаңбыр жауып, желдің күшеюі күтіледі. Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда осы күндері негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек 30 қазан күні күндіз жауын-шашын солтүстікке де жетеді. Елдің оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр жауып, таулы аймақтарда түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсуі ықтимал.

Күндізгі ауа температурасының көтерілуі болжанады: солтүстікте +10…+15°С, орталық пен шығыста +10…+18°С, оңтүстікте +20…+28°С дейін жылы болады. Ал батыс және оңтүстік-шығыста аздап салқындап, +9…+17°С шамасында күтіледі.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз