«Қазгидромет» РМК мен Белгидромет арасындағы агрометеорология саласындағы екіжақты ынтымақтастық аясындағы кездесу

IconЖарияланды 23.10.2025

«Қазгидромет» РМК-да Мемлекеттік мекеме «Гидрометеорология, радиациялық ластануды бақылау және қоршаған ортаны мониторингтеу жөніндегі республикалық орталық» өкілдерімен онлайн кездесу өтті.

Іс-шара гидрометеорология және қоршаған ортаны мониторингтеу саласындағы екіжақты ынтымақтастық аясында ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі тақырыбы — шаруа және фермер қожалықтарына агрометеорологиялық қызмет көрсету мәселелері, сондай-ақ заманауи бақылау технологияларын қолдану тәжірибесімен алмасу болды.

Кездесу барысында «Қазгидромет» РМК мамандары Қазақстандағы агрометеорологиялық мониторинг тәжірибесін ұсынып, автоматтандырылған агрометеорологиялық бекеттердің жұмыс істеуі туралы баяндап, фермерлерге арналған AgroData.kz қосымшасының мүмкіндіктерін таныстырды. Бұл қосымша ауа райы мен агроклиматтық жағдайлар туралы деректерді жедел алуға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде Белгидромет мамандары Беларусь Республикасындағы агрометеорологиялық бақылаулар мен ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіру бойынша тәжірибесімен бөлісті.

Онлайн кездесу іскер және конструктивті жағдайда өтті. Талқылау қорытындысы бойынша тараптар агрометеорология саласындағы ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуға, деректермен және үздік тәжірибелермен алмасуға дайын екендіктерін білдірді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз