Алдағы күндері де Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райын антициклонның сілемі анықтайды. Елдің көптеген өңірлерінде ашық, жылы, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Тек республиканың батысы мен солтүстік-батысында циклон ойпатының ықпалынан жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде) күтіледі.Республика аумағында желдің күшеюі болжанады, ал түнгі және таңертеңгі сағаттарда батыс, солтүстік және шығыс өңірлерінде тұман түсуі ықтимал.
Ауа температурасының айтарлықтай өзгерісі күтілмейді.