ҚР батысында қатты жауын-шашын

IconЖарияланды 20.10.2025

Алдағы күндері Қазақстан Республикасының аумағының басым бөлігінде ауа райы жағдайына антициклон ықпал етеді. Аз бұлтты және жауын-шашынсыз ауа райы жағдайында жер бетіне жақын қабаттағы ауаның қарқынды салқындауы жалғасады, соның салдарынан түнгі уақытта теріс температура сақталады.

Батыста, солтүстік-батыста және республиканың оңтүстік-шығыс шетінде циклонның алдыңғы бөлігі әсер етеді. Бұл өңірлерде көбіне бұлтты ауа райы күтіледі, кей жерлерде жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде) болады, ал батыста қатты жауын-шашын түсуі мүмкін. Республика аумағында желдің күшеюі болжанады, ал түнгі және таңғы уақытта солтүстікте және шығыста кей жерлерде тұман түседі.

Ауа температурасының айтарлықтай өзгерісі күтілмейді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз