2025 жылы Қарағанды және Ұлытау облыстарында үш жаңа гидрологиялық бекет ашылады

IconЖарияланды 15.10.2025

2025 жылы Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша «Қазгидромет» РМК филиалы үш жаңа гидрологиялық бекет ашып, су нысандарын бақылау желісін кеңейтті. Аталған бекеттер 2026 жылдан бастап жұмыс істей бастайды.

Олардың екеуі Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен жабдықталды. Инженерлік жұмыстар жоспарын іске асыру аясында жергілікті бюджеттен өзендерде гидрологиялық бақылау жүргізуге қажетті заманауи аспаптар мен құрал-жабдықтар сатып алуға қаржы бөлінді. Сатып алынған аспаптар мен құрал-жабдықтарды пайдалану су нысандарының жай-күйі туралы нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.

«Гидрологиялық бақылау желісін дамыту өңір үшін өте маңызды. Жаңа бекеттер гидрологиялық жағдай туралы ақпаратты уақытылы алуды қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе көктемгі су тасқыны кезеңінде және халық үшін ықтимал тәуекелдердің алдын алу мақсатында аса қажет», — деп атап өтті «Қазгидромет» РМК филиалының мамандары.

Гидробекеттерді ашу және жабдықтау бойынша барлық жұмыстар филиалдың гидрология бөлімінің қызметкерлерімен орындалды. Мониторинг жүйесін дамытудың бұл жаңа кезеңі халықты, сондай-ақ жергілікті және орталық атқарушы органдарды паводкалық кезеңде жедел гидрометеорологиялық ақпаратпен және дауылды ескертулермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз