Алдағы күндері еліміздің көптеген өңірлерінде әзірге жауын-шашынсыз, жылы ауа райы сақталады. Мұндай ауа райы солтүстік-батыс антициклонының сілемімен байланысты. Тек кезеңнің соңында республиканың батысы мен солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, шығыс пен орталықта – тұман, ал оңтүстік-батыс пен оңтүстікте – шаңды дауыл болжанады.
Ауа температурасының фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.