Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі. Тек республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальді бөліністердің өтуімен бірге жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болжанады. Ел бойынша желдің күшеюі, тұман, шығыста – көктайғақ, ал оңтүстік-батыста және оңтүстікте – шаңды дауыл күтіледі.
Солтүстік өңірлерде түнде температураның біртіндеп -3°…+5°С-қа дейін, күндіз +5…+15°С-қа дейін жоғарылауы күтіледі. Шығыста түнде -3…-13°С-қа дейін төмендеп, күндіз +3…+11°С жылылықтан -5…+5°С аралығында ауытқулар күтіледі. Республиканың оңтүстік-шығысында түнгі уақытта 1–3°С үсік сақталады. Қалған аумақтарда температурада аздаған ауытқулар болжанғанымен, айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.