Солтүстік-батыс антициклонымен байланысты қыркүйек айының соңындағы суық ауа райы қазан айының басында да сақталады. Қазақстанның басым бөлігінде түнгі уақытта температуралық фон -1-6°С, күндіз +2+9°С күтіледі.
Бірақ, бірінші онкүндіктің екінші жартысында Орталық Азия мен Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан жылы ауа массаларының шығарылуымен түнгі және күндізгі температураларының жоғарылауы күтіледі:
елдің батысында түнде +7+12°С дейін күндіз +17+25°С дейін;
солтүстігінде, шығысында түнде +2+8°С дейін, күндіз +10+18°С дейін;
республиканың шығысында түнде +2+7°С дейін, күндіз +15+23°С дейін;
оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде +5+12°С дейін, күндіз +20+28°С дейін.
Онкүндіктің соңында Қазақстанның солтүстік-батыс жартысында ауа температурасының шамалы төмендеуі күтіледі. Елдің оңтүстік жартысы мен шығысында бұл суық толқын екінші онкүндіктің басына келеді.
Екінші онкүндікте елдің басым бөлігінде қайтадан жылыну күтіледі, ауа температурасы күндіз +13+18°С, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +22+27°С дейін жылынады.
Үшінші онкүндікте ауа температурасының төмен фоны болжанады. Түнде жекелеген күндерде ауа температурасының -1-6°С дейін, елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде -7-12°С дейін, күндіз 0,+8°С дейін төмендеуі күтіледі. Елдің оңтүстік жартысында ауа температураның түнде -1-6°С-тан +3+8°С-қа дейін, күндіз +5+13°С-тан +13+20°С-қа дейін ауытқуы болжанады.
Осылайша суық ауа райынан басталған қазан айы бірінші және екінші онкүндіктерінің ортасында жылы күндермен қуантады, бірақ айдың аяғында қыстың жақындағанын тағы да еске салады.
Бір ай ішінде тұрақсыз ауа-райы болжанады, тұман, көктайғақ, екпінді жел, айдың екінші жартысында елдің солтүстік жартысында жаяу бұрқасын болуы ықтимал.