Алдағы күндері атмосфералық фронтальды бөліктер еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды – жаңбыр, найзағай күтіледі. 26 қыркүйекте батыста, солтүстік-батыста, 27 қыркүйекте солтүстікте, солтүстік-батыста қатты жаңбыр, бұршақ, дауылдық жел болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, шығыста және оңтүстік-шығыста түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.
Ауа температурасы:
Батыс өңірде түнде 12–17-ден 2–7 жылылыққа дейін төмендейді, батыс пен солтүстікте 2 градусқа дейін үсік күтіледі, күндіз 20–28-ден 10–23 жылылыққа дейін.
Солтүстік-батыста түнде 7–15-тен 3–11 жылылыққа дейін, күндіз 23–29-дан 10–18 жылылыққа дейін.
Солтүстікте түнде 10–16-дан 5–13 жылылыққа дейін, күндіз 20–28-ден 12–25 жылылыққа дейін.
Орталықта түнде 5–13 жылылық, күндіз 20–25 жылылық.
Шығыста түнде 0–8-ден 7–15 жылылыққа дейін жоғарылайды, солтүстік пен шығыста 2 градусқа дейін үсік күтіледі, күндіз 15–25-тен 20–28 жылылыққа дейін.
Оңтүстікте түнде 5–15, күндіз 25–30 жылылық.
Оңтүстік-шығыста түнде 5–13-тен 7–15 жылылыққа дейін жоғарылайды, күндіз 15–27-ден 22–30 жылылыққа дейін.