Қазақстанда топырақ жамылғысы сапасының интерактивті картасы іске қосылды
«Қазгидромет» РМК Қазақстан Республикасының топырақ жамылғысының жаңа интерактивті картасының іске қосылғаны туралы хабарлайды. Онлайн-сервис арқылы елдің әртүрлі өңірлеріндегі топырақтың жай-күйі мен сапасы туралы ақпаратты ыңғайлы нысанда алуға болады.
Карта елді мекендер мен жағалау аумақтары бойынша өзекті деректерді көрсетеді, сондай-ақ әртүрлі кезеңдердегі көрсеткіштерді талдау және ақпаратты көрнекі форматта ұсыну мүмкіндігін береді.
Сервистің артықшылықтары:
* кез келген жерден тәулік бойы қол жеткізу;
* топырақ жамылғысының жай-күйі туралы көрсеткіштерді көрнекі түрде көрсету;
* деректерді ғылыми, білім беру және қоғамдық мақсаттарда пайдалану мүмкіндігі;
* халықтың экологиялық хабардарлығы деңгейін арттыру.
Деректер жылы мезгілде айына бір рет автоматты түрде жаңартылады. Интерактивті карта https://www.kazhydromet.kz/ru/interactive_cards сілтемесі бойынша қолжетімді.
Алдағы уақытта осы интерактивті картаны жетілдіру бойынша ұсыныстар пайда болған жағдайда press@meteo.kz почтасына жолдауды сұраймыз.