Қазақстан бойынша 2025 жылғы 23-25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

IconЖарияланды 22.09.2025

Атмосфералық фронтальды бөліністердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр сақталады, батыс және оңтүстік аймақтарда күндіз найзағай күтіледі.
23 қыркүйекте шығыста, 23–24 қыркүйекте еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, таулы аудандарда түнгі уақытта жаңбырдың қарға ауысуы ықтимал.
Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, түнгі және таңғы сағаттарда – тұман.
Қазақстанның басым бөлігінде күндізгі температура біртіндеп 20–28 жылыға дейін, шығыс өңірлерде 10–15-тен 15–25 жылыға дейін көтеріледі деп күтіледі.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз