Қатты жаңбыр және температураның төмендеуі

IconЖарияланды 27.08.2025

Маусым басында еліміздің басым бөлігінде батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда 29 тамызда солтүстік-батыс циклонының ойпатының өтуіне байланысты елдің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында ауа райының тұрақсыз сипаты болжанады, 30 тамызда тұрақсыз ауа райы Қазақстанның оңтүстік-шығысын да қамтиды. Жаңбыр, найзағай күтіледі, 30 тамызда елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында бұршақ пен екпінді желмен бірге қатты жаңбыр болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі, батыста, солтүстікте, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман күтіледі.

Батыста ауа температурасы +20…+31°С шегінде, оңтүстік-батыста +27…+35°С болады.
Ауаның төмендеуі күтіледі:

  • Қазақстанның солтүстік-батысында +23…+33°С-тан +15…+23°С-қа дейін,

  • солтүстік облыстарда қатты ыстық +30…+35°С-тан +15…+23°С-қа дейін,

  • елдің орталығында қатты ыстық +30…+37°С-тан +18…+27°С-қа дейін,

  • Шығыс Қазақстанда +22…+32°С-тан +17…+28°С-қа дейін,

  • оңтүстік облыстарда қатты ыстық +30…+41°С-тан +26…+35°С-қа дейін төмендейді.
    Оңтүстік-шығыста +33…+38°С қатты ыстық сақталады, таулы аймақтарда +23…+28°С болады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз