РМК «Қазгидромет» және Фин метеорологиялық институты метеорология және ауа сапасы саласында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды

IconЖарияланды 20.08.2025

2025 жылғы 15 тамызда Республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Қазгидромет» және Фин метеорологиялық институты (FMI) метеорология және ауа сапасы саласында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.
Құжат тараптар арасындағы ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуға, метеорология, климатология, атмосфералық ауаның сапасы және гидрология салаларындағы тәжірибе мен озық тәжірибелермен алмасуға бағытталған.
Өзара түсіністік туралы Меморандум ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің әлеуетін арттыруға және өңірлік ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға негіз қалайды.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз