2025 жылғы 13 тамызда Хельсинки қаласында «Қазгидромет» РМК Бас директоры Дана́ра Алимбаева мен Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Азамат Абдраимов әлемдік деңгейде метеорологиялық және экологиялық жабдықтарды әзірлеу мен өндіру саласында көшбасшы болып табылатын Vaisala компаниясының басшылығымен кездесті.
Келіссөздер барысында Vaisala компаниясының мамандары өздерінің өнімдерін, метеорологиялық және экологиялық мониторинг, сондай-ақ ауа райын болжау саласындағы инновациялық технологиялары мен жаңа әзірлемелерін таныстырды.
Сонымен қатар қазақстандық делегация компанияның өндірістік нысандарына барып, финдік жоғары дәлдікті аспаптар мен жабдықтардың жасалу үдерісімен көзбе-көз танысты.
Тараптар қоршаған ортаны мониторингтеу жүйесіне озық технологияларды енгізуге бағытталған ынтымақтастықтың келешектегі мүмкіндіктерін талқылады.