Солтүстік-батыс циклоны еліміздің басым бөлігіне өз ықпалын сақтайды. Батыста, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде кей жерлерде найзағаймен, бұршақпен және екпінді желмен бірге нөсер жауын жауады. Елдің оңтүстік жартысының жекелеген аудандарында жоғары температура фонында найзағаймен өткінші жауын жаууы мүмкін. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, солтүстік пен шығыста түнгі және таңғы сағаттарда тұман түсуі ықтимал.
Температуралық фон:
* Республиканың батысында түнде +13...+18°C, күндіз +20...+30°C;
* Солтүстік-батыс пен солтүстікте түнде +10...+18°C, күндіз +18...+26°C;
* Орталық облыстар мен оңтүстік-батыста аптап ыстықтың аздап төмендеуі күтіледі: күндіз +25...+33°C-тан +20...+28°C-қа дейін;
* Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +33...+38°C-тан +30...+35°C-қа дейін;
* Шығыс өңірлерде аптап ыстық сақталады, күндіз +25...+30°C шамасында.