Қазақстанның батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады

IconЖарияланды 11.08.2025

Солтүстік-батыс циклоны Қазақстанға жаңбыр, найзағай алып келеді, батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте қатты жаңбыр жауады, жекелеген аймақтарда бұршақ жауады. Республиканың оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстікте, шығыста тұман болады деп күтілуде.

Еліміздің көп бөлігінде температураның аздаған төмендеуі күтіледі: батыста түнде 13-18-ге дейін, күндіз 23-31-ге дейін, солтүстік-батыста түнде 8-20-ға дейін, күндіз 18-28-ге дейін, солтүстікте түнде 10-17-ге дейін, күндіз 18-23-ке дейін, оңтүстікте түнде 13-23-ке дейін, күндіз 27-37-ге дейін. Қалған аймақтарда температуралық фонда елеулі өзгерістер күтілмейді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз