Еліміздің оңтүстігінде жаздың соңында құрғақшылықтың жоғары ықтималдығы сақталады, тамызда құрғақшылық болжанады:
Батыс Қазақстан облысының Жәнібек, Жанғала, Ақжайық, Қаратөбе және Бөкейорда аудандарында;
Ақтөбе облысының Шалқар және Ырғыз аудандарында;
Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында;
Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында;
Абай облысының Аягөз және Үржар аудандарында;
Алматы облысының Балқаш және Жамбыл аудандарында;
Қызылорда облысының Арал, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында;
Атырау облысының Махамбет, Исатай, Дамбин, Қызылқоға аудандарында,
сондай-ақ Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан және Ұлытау облыстарының басым бөлігінде.
Бірқалыпты ылғалды жағдай Қостанай облысының Ұзынкөл, Меңдіғара, Сарыкөл және Әулиекөл аудандарында, Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл, Тайынша, Тимирязев аудандарында және Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев жәнеде Шал ақын аудандарында күтіледі.
Елдің қалған аумақтарында ылғалдану жағдайлары нормаға жуық болады деп күтілуде.
Болжам www.agrodata.kz қосымшасында және «Қазгидромет» РМК ресми сайтында жарияланған.