Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы арқылы белсенді циклон жылжиды, онымен бірге жаңбыр, найзағай күтіледі. Республиканың батысында, солтүстігінде және орталығында қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болжанады. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін.
25–26 шілде күндері Алматы облысының батысы мен солтүстігінде өте қатты ыстық – 42°С күтіледі.
24 шілде күні батыста, оңтүстік-батыста және солтүстік-батыста күндізгі ауа температурасы 35–38°С дейін жетеді.
24–25 шілдеде республиканың орталығында 35–38°С,
оңтүстігінде – 40–42°С,
24–26 шілде аралығында оңтүстік-шығыста – 35–39°С,
25–26 шілдеде шығыста – 35–38°С,
26 шілдеде солтүстікте – 35°С ыстық болжанады.