2025 жылғы 15-17 шілдеге арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамы

IconЖарияланды 14.07.2025

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, найзағай күтіледі. 16 шілдеде батыста, солтүстікте, 17 шілдеде солтүстік-батыста және солтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ, дауылды жел болжанады. Тек елдің оңтүстігінде жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, ал солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз 16–17 шілдеде республиканың оңтүстік-батысында өте қатты ыстық 39–44°С, 17 шілдеде орталықтың жекелеген аудандарында 40°С дейінгі өте қатты ыстық болжанады. Оңтүстікте 40–44°С, оңтүстік-шығыста 40–42°С, солтүстік өңірлерде 30–35°С, ал шығыста 35–38°С қатты ыстық күтіледі.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз