2025 жылғы 12–14 шілде аралығындағы Қазақстан бойынша ауа райы болжамы Елдің солтүстігінде найзағайлы жаңбыр, оңтүстігінде аптап ыстық күтіледі

IconЖарияланды 11.07.2025

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, солтүстік пен шығыста – күшті жаңбыр, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, сондай-ақ 12 шілдеде батысында жоғары қысым алабының ықпалымен күн ашық әрі ыстық болады. Республиканың басым бөлігінде желдің күшеюі болжанады.

Күндіз еліміздің батысында 35–39°С қатты ыстық, кей аудандарда өте қатты ыстық 40–42°С дейін жетеді. 12–13 шілдеде оңтүстік-батыста өте қатты ыстық 39–44°С, ал 14 шілдеде 38–42°С күтіледі.
Солтүстік өңірлерде күндізгі ауа температурасы 17–25°С-тан 15–23°С-қа дейін сәл төмендейді. Шығыста температура негізінен 22–30°С шамасында болады. Оңтүстікте 40–43°С аптап ыстық, ал оңтүстік-шығыста 35–38°С қатты ыстық болжанады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз