Еліміздің батысында өте қатты ыстық

IconЖарияланды 09.07.2025

Батыс өңірде жоғарғы қысым алабының әсерінен ыстық әрі ашық ауа райы күтіледі. Ал Қазақстанның қалған аумағында атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Орталықта, 10-11 шілде күндері оңтүстік-шығыста, 11-12 шілдеде солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болады деп болжануда. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.

Күндіз республиканың батысы мен оңтүстік-батысында өте қатты аптап ыстық – 40-44 градус болады. Солтүстік өңірлерде күндізгі температура 22-27 градустан 17-23 градусқа дейін төмендейді. Шығыста температура негізінен 20-28 градус жылы болады. Оңтүстікте ауа температурасы 25-37 градустан 38-43 градусқа дейін біртіндеп жоғарылайды. Оңтүстік-шығыста күндіз термометр бағандары 25-30 градус жылыны көрсетеді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз