Атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. 9-10 шілдеде солтүстікте, 10 шілдеде солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – күшті жаңбыр, бұршақ, дауылды жел күтіледі. Тек республиканың батысында солтүстік-батыс антициклоны сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ел бойынша желдің күшеюі болжанады. Түнгі және таңғы уақыттарда солтүстік өңірлерде тұман күтіледі.
9-10 шілде күндіз батыста, оңтүстік-батыста қатты ыстық сақталады: 35-41 градус, солтүстік-батыста 35-38 градус. Солтүстік өңірлерде түнде 7-15, күндіз 20-27 градус жылы болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі. Қалған өңірлерде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.