Ауа температурасының жоғарылауы және жауын-шашынның жетіспеушілігі еліміздің жеке аймақтарында құрғақшылық жағдайларының күшеюіне ықпал етеді.
2025 жылдың шілде айының нақты есептеулері бойынша бірқалыпты құрғақшылық жағдайлары күтіледі:
Батыс Қазақстан облысында Жәнібек және Казталов аудандарында;
Ақтөбе облысында Шалқар және Мұғалжар аудандарында;
Атырау облысында Индербор ауданында;
Маңғыстау облысында Бейнеу, Маңғыстау және Қарақия аудандарында;
Қостанай облысында Амангелді, Жангелді аудандарында;
Қарағанды облысында Ақтоғай және Шет аудандарында;
Ұлытау облысында Ұлытау ауданында;
Абай облысында Аягөз және Үржар аудандарында;
Алматы облысында Балқаш, Жамбыл және Еңбекшіқазақ аудандарында;
Жетісу облысында Алакөл, Қаратал аудандарында және ішінара Панфилов ауданында таулы жерлерден басқа;
сондай-ақ, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының басым бөлігінде.
Елдің қалған аумақтарында ылғалдану жағдайлары нормаға жуық болады деп күтілуде.
Болжам www.agrodata.kz қосымшасында және «Қазгидромет» РМК ресми сайтында жарияланған.