Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның көп бөлігінде найзағайлы жаңбыр күтіледі. 5 шілдеде республиканың солтүстігінде, 5-6 шілдеде шығысында қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болжанады. Тек республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ел бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.
5 шілдеде еліміздің шығысында күндіз өте қатты ыстық – 40-42°С, оңтүстігінде – 45-46°С, оңтүстік-шығысында – 40-45°С болады деп күтіледі. Қалған өңірлерде ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі болжанбайды.