Шілде айында құрғақшылық жағдайлары бар аумақтардың ауданы ұлғаяды. Алдын ала есептеулер бойынша 2025 жылдың шілдесінде бірқалыпты құрғақшылық жағдайлар күтіледі:
Батыс Қазақстан облысының Жәнібек, Сырым және Қаратөбе аудандарында;
Атырау облысының Махамбет, Мақат, Исатай және Қызылқоға аудандарында;
Маңғыстау облысының Бейнеу, Маңғыстау және Қарақия аудандарында;
Ақтөбе облысының Шалқар және Ойыл аудандарында;
Қостанай облысының Амангелді, Жангелді аудандарында;
Қарағанды облысының Ақтоғай, Қарқаралы және Шет аудандарында;
Абай облысының Аягөз, Жарма және Үржар аудандарында;
Алматы облысының Балқаш және Жамбыл аудандарында;
сондай-ақ Ұлытау, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының басым бөлігінде.
Елдің қалған аумақтарында ылғалдану жағдайлары нормаға жуық болады деп күтілуде.
Болжам www.agrodata.kz қосымшасында және «Қазгидромет» РМК ресми сайтында жарияланған.
Қажет болған жағдайда алдын ала болжам нақтыланатын болады.