Болжамға сәйкес, қалыптасқан агрометеорологиялық жағдайларды және күтілетін ауа райы болжамын ескере отырып, күздік бидайдың өнімділігі орташа көпжылдық мәндер шамасында болжанады Алматы (14,4-тен 25,9 ц/га дейін), Жамбыл (14,4-тен 19,8 ц/га дейін) облыстарында, Түркістан облысының басым бөлігінде (14,3-тен 33,1 ц/га дейін) және Жетісу облысында (14,8-ден 23,9 ц/га дейін).
Жетісу облысының Қаратал ауданында «түтікке шығу» және «масақтану» фазаларында жауын-шашын тапшылығына байланысты өнімділік нормадан төмен (12,1-14,1 ц/га) болжанады.
Түркістан облысында күздік бидайдың өнімділігі Арыс (15,4-17,4 ц/га), Қазығұрт (24,8-26,8 ц/га), Ордабасы (22,8-24,8 ц/га) және Сарыағаш (15,4-17,4 ц/га) аудандарында нормадан жоғары болады деп күтілуде.
Оңтүстік облыстардың аудандары бойынша өнімділік болжамы «Қазгидромет» РМК ресми сайтында және фермерлерге арналған «аgrodata» қосымшасында қолжетімді (https://agrodata.kz). (https://agrodata.kz).
Өнімділік болжамы мемлекеттік бақылау желісінің бақылау учаскелерінде жүргізілген метеорологиялық және агрометеорологиялық бақылаулардың нәтижелері негізінде жасалады.