Алдын ала есептеулерге сәйкес, 2025 жылы жаздық бидайдың фенологиялық пісу мерзімі республиканың негізгі астық себетін аудандарында көбінесе әдеттегі мерзім шамасында болжанады.
Әдеттегі мерзімнен кеш болжанады:
Қостанай облысының Б.Майлин ауданында;
Ақмола облысының Сандықтау, Бұланды, Бурабай аудандарында және Біржан сал ауданында;
Павлодар облысының Успенка ауданында;
Бидайдың әдеттегіден ерте пісуі болжанады:
Жетісу облысының Қаратал ауданында;
Павлодар облысында Ертіс ауданында;
Абай облысында Үржар ауданында;
Шығыс Қазақстан облысында Шемонаиха ауданында.
Болжамды пісетін күндермен толығырақ «Agrodata» қосымшасында фермердің күнтізбесінде (https://agrodata.kz/#/forecasts/calendar) және «Қазгидромет» РМК ресми сайтында танысуға болады.