Тағы да циклон

IconЖарияланды 13.06.2025

Қазақстан аумағына циклондар жылжуынан тоқтамай жатыр. Алдағы күндері солтүстік-батыс бағытынан жаңа циклон жылжи бастайды, онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер жауын-шашын мен найзағай алып келеді. 15–16 маусымда Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының жекелеген аудандарында нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін, сондай-ақ ауа температурасы төмендейді. Ал елдің оңтүстік жартысы Иран аумағынан келіп жатқан жылы ауа массаларының ықпалында қалып, жоғары ауа температурасы сақталады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз