Болжам бойынша маусым айында бірқалыпты құрғақшылық жағдайлары күтіледі:
Қостанай облысының Амангелді, Жангелді аудандарында;
Ақтөбе облысының Шалқар ,Ырғыз және Ойыл аудандарында;
Атырау облысының Құрманғазы және Махамбет аудандарында, сондай-ақ Атырау қаласы мен Құлсары қалаларының маңайында;
Қарағанды облысының Ақтоғай, Қарқаралы және Шет аудандарында;
Ұлытау облысының Ұлытау және Жаңаарқа аудандарында;
Абай облысының Аягөз ауданында;
Алматы облысының Балқаш және Жамбыл аудандарында;
Жетісу облысының ішінара Алакөл ауданында;
Жамбыл облысының Мойынқұм, Қордай, Т. Рысқұлов, Мерке, Сарысу және Талас аудандарында;
Түркістан облысында Созақ, Қазығұрт, Отырар, Төлеби, Шардара, Сарыағаш, Жетісай және Түлкібас аудандарында және Шымкент қаласында;
Қызылорда облысында Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында, сондай-ақ ішінара Арал ауданында.
Сонымен қатар мамыр айында жиналған жауын-шашын аясында маусымдық жауын-шашын еліміздің солтүстігінің жеке аймақтарында бірқалыпты ылғалды жағдай туғызады:
Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл, Тимирязев, Шал ақын, Есіл аудандарында және Ғ. Мүсірепов ауданында;
Қостанай облысының Ұзынкөл, Қарабалық және Меңдіқара аудандарында;
Ақмола облысында Егіндікөл ауданында.
Елдің қалған аумағында ылғалдандыру жағдайлары нормаға жуық болады деп күтілуде.
Болжам www.agrodata.kz қосымшасында және «Қазгидромет» РМК ресми сайтында жарияланған.