«Қазгидромет» РМК Қазақстан халқын Халықаралық экология күнімен шын жүректен құттықтайды!
Экология — біздің планетамыздың денсаулығы мен әрбір адамның амандығының негізі. Ауа, су және жердің тазалығына қамқорлық жасау, табиғи ресурстарды сақтау — бұл мәселелер мемлекеттің, қоғамның және әрбір адамның бірлескен күш-жігерін талап етеді.
«Қазгидромет» қоршаған ортаның жай-күйін бақылауды, экологиялық мониторинг жүйесін дамытуды және табиғи апаттарды болдырмауды жалғастыруда. Біздің миссиямыз — Қазақстанда тұрақты дамуға және өмір сүру сапасын жақсартуға үлес қосу.
Баршаңызға денсаулық, табиғатпен үйлесім және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды тілейміз!