Халықаралық Балаларды қорғау күніне және Эколог күні қарсаңында «Қазгидромет» РМК қоршаған ортаны қорғау тақырыбында балалар сурет байқауын ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты – балалардың табиғатқа деген ұқыпты қарым-қатынасын қалыптастыру және экологиялық мәдениетті ерте жастан дамыту.
Шығармашылық байқауға 12 жасқа дейінгі 26 жас суретші қатысты. Қатысушылар еліміздің әр өңірінен қатысты: Ақтөбе облысынан – 14, Алматы облысынан – 5, Астана қаласынан – 7 бала қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
* 1-орын – Хорошайло Даниил (Ақтөбе облысы)
* 2-орын – Серікқызы Асыл-Ару (Алматы облысы)
* 3-орын – Оразғали Айдана (Ақтөбе облысы)
Қатысушылардың жұмыстары ерекше шығармашылықпен, шынайылықпен және экологиялық мәселелерге терең түсінікпен ерекшеленді. Байқау ұйымдастырушылары барлық балалардың табиғатты қорғау тақырыбына бей-жай қарамай, терең мағына жеткізе алғандарын атап өтті.
Жеңімпаздар мен қатысушыларға естелік дипломдар мен сыйлықтар табысталды.
«Қазгидромет» РМК барлық балалар мен олардың ата-аналарына белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреді және осындай бастамалар табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсінетін жаңа буынды тәрбиелеуге септігін тигізеді деп сенеді.