«Қазгидромет» РМК 2024 жылғы Қазақстан аумағындағы климат жағдайын бағалау бойынша қысқаша шолу-аннотацияны ұсынды. Бұл шолуда 2024 жылдың (қаңтар- желтоқсан) және жекелеген маусымдардың климаттық жағдайлары, Қазақстан Республикасының және оның әкімшілік-аумақтық облыстарының аумағындағы климаттың өзгеруі туралы қысқаша мәліметтер келтірілген. Ауа температурасы мен жауын-шашынның климаттық аномалиялары, агроклиматтық жағдайлар, Қазақстандағы ірі су айдындарының – Каспий теңізі мен Балқаш көлінің су бетінің жағдайы, сондай-ақ экстремалды ауа райы және климаттық құбылыстар туралы деректер қамтылған. 2024 жылы ауа температурасының орташа мәні климаттық нормадан 0,87 °С жоғары болып, бұл көрсеткіш жылды бақылау тарихындағы алтыншы ең жылы жыл ретінде сипаттап, ең жылы 10 % жылдардың қатарына енгізді. Жылыну барлық маусымдарды қамтыды, әсіресе сәуір, қаңтар және маусымда бүкіл ел бойынша оң аномалиялар тіркелді Жауын-шашын мөлшері бойынша 2024 жыл ылғалды сипатта болды: қыс – бақылау тарихындағы ең ылғалды маусым ретінде тіркелді (нормадан 144,5 %), ал көктемде, жазда және күзде жауын-шашын нормадан асып түсті, дегенмен оның таралуы біркелкі болған жоқ. Елдің әртүрлі бөлігінде орналасқан 20 метеостанцияда 1941 жылдан бері жылдық жауын-шашын мөлшерінің рекордтары орнатылды. Қар жамылғысы қалыптасуы кешігіп басталғанымен, кей жерлерде нормадан 211 %-ға дейін жетіп, әдеттегіден ерте еріді. Агроклиматтық жағдайлар жалпы алғанда қолайлы болды, дегенмен елдің оңтүстігінде ылғал тапшылығы байқалды. Көктемгі жылыну вегетациялық кезеңнің ұзаруына ықпал еткенімен, құрғақшылық қаупін арттырды. 1976 жылдан бері Қазақстанда ауа температурасы онжылдықта орта есеппен 0,36 °С-қа өсіп келеді, әсіресе батыс өңірлерде айқын байқалады. Қыс және көктем мезгілдерінде солтүстік аймақтарда жауын-шашын мөлшерінің ұлғаю үрдісі тіркелуде 2024 жылы ел аумағында 190 экстремалды метеорологиялық құбылыс тіркелді — олардың қатарында күшті желдер, нөсер жаңбырлар, борандар, аптап ыстық пен қатты суықтар болды. Көктемгі су тасқыны соңғы ондаған жылдардағы ең ірілердің бірі ретінде тіркеліп, жазғы ыстық пен құрғақшылық оңтүстік өңірлердегі ауыл шаруашылығына елеулі залал келтірді. https://www.kazhydromet.kz/ru/klimat/obzor-ob-osobennostyah-klimata-na-territorii-kazahstana