Жылудың орнына жаңбыр келеді

IconЖарияланды 14.05.2025

Мамыр айының басында Иран аймақтарынан жылы ауа массаларының келуі Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райының сақталуына себеп болады. Күндізгі уақытта термометр бағандары оңтүстікте 35–44°С, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде 35–37°С көрсетеді. Абай мен Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, сондай-ақ Қарағанды облысында өте қатты ыстық — 40°С күтіледі.

Алайда, 16 мамырда еліміздің батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлеріне атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етіп, найзағайлы жаңбырлар мен бұршақ әкеледі. Маңғыстау облысында қатты жаңбырлар болжанады. 17 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде найзағайлы жаңбырлар мен бұршақ жауады, кейбір өңірлерде қатты жаңбырлар мен дауылды желдер күтіледі. Осыған байланысты елдің солтүстік жартысында күндізгі температура 18–28°С-қа дейін төмендейді, алайда оңтүстік өңірлерде 43°С-қа дейінгі қатты ыстық сақталады.

Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, ал оңтүстік өңірлерде шаңды дауылдар болуы мүмкін.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз