Алдағы үш тәулікте оңтүстік циклонның өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа - райының тұрақсыз сипаты күтіледі-найзағаймен жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін. 10 мамырда солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, 10-11 мамырда шығысында, 11 мамырда Қазақстанның батысында қатты жаңбыр күтіледі. Республика бойынша Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстік өңірлерінде шаңды дауылмен желдің күшеюі болжануда.
Елдің солтүстік-батысында ауа температурасы түнде 6-16-дан 10-20-ға дейін, күндіз 18-26-дан 20-35-ке дейін, солтүстігінде түнде 10-17-ден 5-13-ке дейін, күндіз 17-27-ден 13-23-ке дейін, республиканың оңтүстігінде түнде 12-20-ға дейін, күндіз 24-32-ден 28-37-ге дейін көтерілуі күтілуде. Республиканың қалған аумағында температуралық фонда елеулі өзгерістер күтілмейді.